Бұған дейін облыс орталығының тұрғындары әрбір шаршы метр үшін 49 теңге төлеп келген. Ал қалған қаржы жергілікті бюджеттен дотация түрінде бөлінетін.
Қалалық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, бұдан былай коммуналдық қызметтер төлемі бойынша көмек атаулы түрде беріледі. Ендігі жерде коммуналдық қызмет төлемақысына беретін қаржысы отбасының жалпы кірісінің 20 процентінен асатын адамдар ғана өтемақы алуға құқылы. Қалалық бөлімнің ақпаратына сәйкес, жас бала бағатын және мүгедек адамдардың бағым-күтімімен айналысатын адамдарды ескермегенде, бұдан басқа жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын және жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелмеген еңбекке жарамды адамдары бар отбасыларға тұрғын үй жәрдемақысы берілмейді.
Соған қарамастан, қалалық еңбекпен қамту бөлімінің алдын-ала есебіне сәйкес, Қызылорда тұрғындарының 70-80 проценті жеңілдікке ие бола алады.