Қызылорда тұрғынына алдын-ала қойылған "оба" диагнозы расталған жоқ
Қызылорда тұрғынына алдын-ала қойылған "оба" диагнозы зерттеулер нәтижесінде дәлелденген жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сарбұлақ ауылында обаға шалдықты деген күдікпен 46 жастағы бір әйел 24-қарашада ауруханаға жатқызылған болатын. Алдын-ала мәліметке сәйкес, әйел 15-қарашада ауырған көрінеді. Ол базардан сатып алған қоянның етін бұзған. Тазалық-індет бақылауы қызметінің мамандары індет ошағында эпидемияға қарсы шараларды бастап та жіберген.
26-қарашада кешкісін зерттеулер нәтижесі белгілі болып, науқасқа қойылған оба деген алдын-ала диагноз алынып, "оң жақ қолтық астындағы лимфаденит" деген ақырғы диагноз қойылды.
Агенттік ақпаратына сәйкес, оба диагнозы расталмағандықтан профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар тоқтатылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін