Қызылорда тұрғынына алдын-ала қойылған "оба" диагнозы расталған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда тұрғынына алдын-ала қойылған "оба" диагнозы расталған жоқ

Қызылорда тұрғынына алдын-ала қойылған "оба" диагнозы расталған жоқ

Қызылорда тұрғынына алдын-ала қойылған "оба" диагнозы зерттеулер нәтижесінде дәлелденген жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 27 Қараша 2003
  • 484
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сарбұлақ ауылында обаға шалдықты деген күдікпен 46 жастағы бір әйел 24-қарашада ауруханаға жатқызылған болатын. Алдын-ала мәліметке сәйкес, әйел 15-қарашада ауырған көрінеді. Ол базардан сатып алған қоянның етін бұзған. Тазалық-індет бақылауы қызметінің мамандары індет ошағында эпидемияға қарсы шараларды бастап та жіберген.

26-қарашада кешкісін зерттеулер нәтижесі белгілі болып, науқасқа қойылған оба деген алдын-ала диагноз алынып, «оң жақ қолтық астындағы лимфаденит» деген ақырғы диагноз қойылды.
Агенттік ақпаратына сәйкес, оба диагнозы расталмағандықтан профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар