Қызылорда тұрғынынан тәртіп сақшылары 12 килограмм марихуана тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда тұрғынынан тәртіп сақшылары 12 килограмм марихуана тәркіледі

Қызылорда тұрғынынан тәртіп сақшылары 12 килограмм марихуана тәркіледі

ҚЫЗЫЛОРДА. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Қызылорда тұрғынынан тәртіп сақшылары 12 килограмм марихуана тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қызылорда облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 5 Наурыз 2007
  • 346
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің жетекшісі Қалдыбек Абдуллаевтың айтуынша, есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі салынған екі қапты 40 жастағы Жаңақорған тұрғынының үйінен тапқан. «Еркек аса ірі көлемде есірткі сақтап сатты деген күдікпен ұсталды»,- дейді ақпарат көзі. Тәртіп сақшылары енді есірткінің қайдан әкелінгенін анықтауға тиіс.

Жалпы жыл басынан бері Арал өңірінің тәртіп сақшылары есірткіге қатысты 28 қылмысты тіркеді. 88 килогамм есірткі, соның ішінде 67 милограмм марихуана заңсыз айналымнан шығарылды. Өткен жылғы осы мерзімде Қызылорда облыстық тәртіп сақшылары 19 килограмм есірткіні заңсыз айналымнан шығарған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті