Қызылордада 35 бас ірі қараны ұрлағандар бес жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада 35 бас ірі қараны ұрлағандар бес жылға сотталды

Қызылордада 35 бас ірі қараны ұрлағандар бес жылға сотталды

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық сотының үкімімен А.Ысқақов пен Т.Әлиев ұрлық қылмысын жасағандары үшін мүліктері тәркіленіп, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Олар жазаларын түзеу колониясының жалпы режимінде өткізеді.

  • 29 Маусым 2011
  • 415
Фото - Caravan.kz

Іс құжаттарына қарағанда, А.Ысқақов пен Т.Әлиев 2010 жылы 20 қараша күні аудандағы Бесарық ауылына қарай шығып, Сырдария өзенінің жағалауындағы «Саусакөл» жайылымында жүрген Түгіскен ауылының тұрғындары А.Атаходжаевтың екі бас (жалпы құны 260 мың теңге), Е.Байжановтың төрт бас (жалпы құны 400 мың теңге), А.Жұмановтың алты бас (жалпы құны 720 мың теңге), Е.Мамбетовтың екі бас (жалпы құны 200 мың теңге) сиырларын айдап, оларды «Шымкент-Самара» тас жолының батыс бөлігіндегі «Сатымсай» жырасында алдын ала жалдаған «Камаз-52513» автокөлігіне тиеп, Шымкент қаласындағы мал базарына апарған. Сол жерде сиырларын сатып, ақшасын өзара бөлісу арқылы бас пайдаларына жаратқан.

Осыдан кейін кәнігі мал ұрылары өздерінің қылмыстық іс әрекеттерін одан әрі жалғастырып, 2010 жылы 27 қарашада Бауыржан есімді жігіт үшеуі Сырдария өзенінің жағалауындағы «Саусакөл» жайылымына барып, жайылымда жүрген Қожакент ауылының тұрғыны Д.Көкеновтің (жалпы құны 2 млн. 160 мың теңге) он сегіз бас сиырын айдап, «Шымкент-Самара» тас жолының батыс бөлігіндегі «Сатымсай» жырасында «Камаз-52513» автокөлігіне салып, Сарыағаш қаласындағы мал базарына апарып саудалаған.

Сөйтіп, ірі мөлшерде бөтеннің мүліктерін жасырын ұрлаған. Сот үкімі өзгерусіз қалды.

Соңғы жаңалықтар