Жарияланды: 750

Қызылордада 39 жасөспірім өткір ішек инфекциясының белгілерімен поездан ауруханаға жеткізілді

Қызылордада 39 жасөспірім өткір ішек инфекциясының белгілерімен поездан ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

«Үстіміздегі жылдың 28 шілдесінде Алматы-Атырау бағытындағы жолаушылар поезынан 12-15 жас аралығындағы 39 бала өткір ішек инфекциясының белгілерімен «Қызылорда» станциясында түсіріп алынды. Балалар Алматы облысындағы «Әлтайыр» сауықтыру лагерінен келе жатқан», - делінген бейсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде. Министрліктің мәліметтеріне сәйкес, балалар Қызылорданың облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Бәріне қажет ем-дом көрсетіліп жатыр. «Қазіргі уақытта инфекция ошағында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің облыстық департаментінің және «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы» РМКК-сінің мамандары жұмыс істеп жатыр. Зертханалық зерттеуге сынамалар алынды. Инфекция ошағын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр», - делінген баспасөз мәлімдемесінде. Денсаулық сақтау министрлігі жазғы маусымда жеке тазалық шараларын сақтап, жеміс-көкөністерді жуып жеу керектігін, іш ауырып, дене температурасы көтерілсе, бірден дәрігердің көмегіне жүгіну керектігін еске салады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін