Қызылордада 40 жыл жөндеу көрмеген жатақхананың сыртқы сылағы опырылып түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада 40 жыл жөндеу көрмеген жатақхананың сыртқы сылағы опырылып түсті

Қызылордада 40 жыл жөндеу көрмеген жатақхананың сыртқы сылағы опырылып түсті

Қызылордада қираудың аз-ақ алдында тұрған үй - тұрғындардың зәресін алды. Қабырғасы сөгіле бастаған көпқабатты жатақхананың бүгін бір бұрышы опырылып түсті. Бірақ ондағы тұрғындардың басқа баратын жері жоқ. Сондықтан жандарын шүберекке түйіп, күндіз-түні алаңдап отыруға мәжбүр. Ал қай кездегідей қалтасы жұқа жергілікті билік бүгін-ертең жаңа үй бермейтінін ашық айтып отыр.

  • 5 Тамыз 2015
  • 305
Фото - Caravan.kz

— Әй, маған ше бесінші этаж құлап, менің ше мына балдарым астында қалып қойып, өлгеннен кейін төменгі этажға үй бермей-ақ қойсын. Менің осы балдарым өлгеннен кейін маған керек емес.

Ақсаңдап, бір аяғымен әзер тұрған бұл әйел абайсызда аяғын ауырып алған. Таңертең есігінің алдында балаларын ойнатып отырса, төбеден қақыраған қабырғаның қирандылары құлап, дәл аяғына түсіпті. Ал жанында болған жүкті келіншек етпетімен құлап, оны бірден ауруханаға әкеткен көрінеді.

Жаңагүл Саратова, Қызылорда қаласының тұрғыны:

— Күн ыстық болғасын талдың түбіне барып отырдық. Жаңағы екіқабат келіншек бар, көршілерім бар, бәрі. Сол кезде біреу баж етіп шыңғырды. Қарасам, тас келе жатыр екен төбеден. Мына балдарымды итеріп үлгердім ғой. 

Сырты жырым-жырым болған үйдің әбден ескіргені көрініп тұр. 70-ші жылдары салынған көне үй уақыт ағымына шыдас бермей, іргесі үгітіле бастаған. Сырты оңбай тұрған үйдің іші де көңіл көншітпейді. Қабырғадан өткен сыз өбектеп жасаған жөндеу жұмыстарын текке кетіріпті. Баспанасының бұл күйінен шошыған жұрт қапыда кетпес үшін жаңа үйге көшкісі келеді. Бірақ оған тұрғындары түгілі, қала әкімдігінің де қолы қысқа. Жергілікті билік осы үйді жөндеудің өзіне бақыр тиын таппай отыр.

Қосын Аңсатбаев, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары:

— Қазіргі таңда бюджетте қаражат қаралмай тұр, бұл үйді алып тастап, қайтадан жаңа үй соғып беруге. Күрделі, тек қана спонсорлық…Қазір басқарушыларға өтініш айтамыз көмек берсін деп. Соған байланысты жұмыстар жасап жатыр қазіргі таңда.

Жалпы, Қызылорда қаласында апатты жағдайда тұрған 25 үй бар екен. Ал өңі қашқан мына үйде қазір 123 отбасы тұрып жатыр. Олардың аман-саулығына алаңдаған әкімдік әзірге төбеден кірпіш құлаған сайын жедел-жәрдемін жеткізіп беруде. Бірақ үйдің өзі қашан жөнделеді немесе жұрт қашан жаңа баспаналы болатыны бәрібір белгісіз күйінде қалды.

Соңғы жаңалықтар