Қызылордада 55 жастағы мұғалiм екi оқушының жыныс мүшесiнен ұстап, азғындық жасады деп айыпталуда - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада 55 жастағы мұғалiм екi оқушының жыныс мүшесiнен ұстап, азғындық жасады деп айыпталуда

Қызылордада 55 жастағы мұғалiм екi оқушының жыныс мүшесiнен ұстап, азғындық жасады деп айыпталуда

Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентiндегi 189-мектепте сұмдық жағдай болды.

  • 2 Қараша 2017
  • 229
Фото - Caravan.kz

Бiлiм ошағында 12 жыл бойы математика пәнiнен сабақ берiп келген Әкбар Исахаев қамауға алынып, темiр торға тоғытылды, деп хабарлайды Stan.kz.

55 жастағы ұлағатты ұстаз 6-сыныптың 2 оқушысына анайы қылық жасады деп айыпталуда. Яғни, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап жасөспiрiмдердiң санынан ұстап, жыныс мүшесiне қол жүгiрткен деген күдiк бар.

Сұмдық жағдайды қыздарының өздерiнен естiген ата-анасы дереу құқық қорғау органдарына шағымданған. Арыздан кейiн ұлағатты ұстаз қамауға алынып, соттың санкциясына сәйкес алдағы 2 айын тергеу изоляторында өткiзбек.


Алайда, күдiктi Әкбар Исахаевтың балалары әкелерiнiң мұндай қылмысқа барғанына сенбейдi.

“Бұл барып тұрған жала. Менiң әкем 35 жыл бойы мұғалiм болып еңбек еттi. Талай оқушыларды тәрбиеледi. Арыз берген кiсiлердiң не көздеп отырғаны түсiнiксiз”, – дейдi ұлы Ержан Исахаев.

Қазiргi таңда мектеп әкiмшiлiгi түсiнiктеме берген жоқ. Жергiлiктi билiк өкiлдерiне ресми хат жолдадық. Жауабын күтудемiз.