Қызылордада 6 лизингтік жоба мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада 6 лизингтік жоба мақұлданды

Қызылордада 6 лизингтік жоба мақұлданды

Қызылорда облысының кәсіпкерлік мәселесі бойынша аймақтық үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында 6 жоба мақұлданды.

  • 30 Қазан 2012
  • 374
Фото - Caravan.kz

Шағын және орта бизнес субъектілерінің 6 жобасы бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарлама аясында банктік пайыздық ставканы субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды, оның ішінде 1 жоба кепілдендіру бойынша қолдау алды.

Кәсіпкерлердің жобалары экономика саласын әртараптандыру бойынша ұсынылған: оның ішінде жүк тасымалдау, халықты тасымалдау, балмұздақ шығару, мектепке дейінге оқыту саласындағы жобалар ұсынылды.

Кәсіпкерлердің 3 жобасы арнайы техника мен автокөлік алуға бағытталған. Арнайы техниканы лизингке алу арқылы субсидиялау құралын қолданған «Нұрлан компани» ЖШС. Жоба құны 32 млн. теңге. Атап айту керек, бұл Қызылорда облысы бойынша «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясындағы лизингтік мәмілелер бойынша субсидия алып жатқан ең алғашқы жоба болып табылады. Кәсіпорын лизингтік келісім шарт бойынша пайыздық ставканы субсидиялау түрінде қолдау алып отыр. Жылына 14 пайызбен алынған лизингтің 7 пайызын мемлекет жабады.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының арқасында «Фотон» ЖШС 74 млн. теңгеге 6 тартқыш тіркеме алғалы отыр. Жеке кәсіпкер Ахметов А. несиеге ПАЗ автобусын және Іңкәрдария ауылындағы автостанцияның құрылысын бітіргелі жатыр.

Жеке кәсіпкер Сайлигараев А. кондитерлік өнімдерді шығарумен айналысады. Мемлекеттің қолдауын алып отырған кәсіпкер 29,6 млн. теңге көлеміндегі несиеге балмұздақ шығаратын құрал жабдық алмақшы. Алынған несиеге «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында субсидия берілетін болады.

«Ақтоған» ЖШС «Банк центр кредит» АҚ-нан 10 көлік құралын алуға бағытталған несиесін қайта қаржыландыруда. 234,04 млн. теңгені құрап отырған қалған несие сомасына «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында субсидия берілетін болады.

Жеке кәсіпкер Махатова А. негізгі қызметтері — ЖЖМ сату және жайларды жалға беру. Кәсіпкер 30 млн. теңге көлеміндегі несиеге Жалағаш ауданының Жалағаш кентінде балабақша салуды жоспарлауда. Балабақша 90 балаға арналған, жобаның жүзеге асуынан 18 жаңа жұмыс орны құрылмақшы. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында кәсіпкер банктен алынған несиенің пайыздық ставкасын субсидиялау және кепіл мүлкінің жетіспеушілігіне байланысты несие сомасының 50 пайызына, яғни 15 млн. теңге көлеміндегі кепілдеме берілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолдау алған кәсіпорындар жұмыс орнын сақтағаннан бөлек, 18 жаңа жұмыс орнын құрмақшы.

Қызылорда облысы бойынша бүгінгі таңда Бағдарламаның 1-бағыты аясында барлығы 86 жоба мақұлданды.

Соңғы жаңалықтар