Қызылордада «Ақ Баян» байқауы болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада «Ақ Баян» байқауы болып өтті

Қызылордада «Ақ Баян» байқауы болып өтті

Қызылордада ҚР Еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиева орындаған әндерден II облыстық әншілер байқауы болып өтті.

  • 29 Қараша 2010
  • 873
Фото - Caravan.kz

Байқаудың мақсаты — әнші М.Ералиеваның әндерін кеңінен насихаттау, талантты жас әншілерді таныту және олардың шеберлігін шыңдауға ықпал жасау. Бұл сайысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 15-30 жас арасындағы 17 талапкер қатысты.

Жас орындаушылар екі кезең бойынша, байқау талабына сай әнші Мәдина орындаған әндер мен қазақ компазиторларының кез келген бір әнін орындаудан сынға түсті. Байқаудың бас жүлдесін М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Ұлбосын Мәнтаева жеңіп алды. Осылайша, күміс көмей Мәдина орындаған ән киесі Ұлбосынның алда үлкен сахнада ән айтуына жол ашты.

Перейти к новостям спорта