Қызылордада ақын Қ.Жәленованың шығармашылық кеші болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада ақын Қ.Жәленованың шығармашылық кеші болды

Қызылордада ақын Қ.Жәленованың шығармашылық кеші болды

Қызылордадағы А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

  • 24 Мамыр 2011
  • 626
Фото - Caravan.kz

ақын Қатира Жәленованың шығармашылық кеші болып өтті. Қаламгердің 60 жылдығына арналған бұл шара «Қызғалдақ жыр — қыз ғұмыр» деп аталды.

Кешті Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрының әртістері шағын сахналық қойылыммен ашты. Ол бала Қатира мен ақын Әбділда Тәжібаевтың арасында хат алмасу оқиғасын бейнеледі. Кеште Ибада Қонақ­баев, Жадыра Дәрібаева, Хан­бибі Есенқараева және басқалар ақын шығармашылығы жөнінде өз ойларын ортаға салды.

Кеште ақынның өлеңдері мен өзге ұлт ақындарының аудармалары оқылды. Соңында облыстық филармония өнерпаздары концерт қойды.

Перейти к новостям спорта