Жергілікті ақпарат агенттіктері облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап "бұзақылық әрекет салдарынан зардап шеккен адамның қайтыс болуы фактісі бойынша" Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімімен ("кісі өлтіру") іс қозғалғанын хабарлады, деп жазды Азаттық радиосы
27 наурызда полиция "бұзақылық" бабы бойынша тергеу басталғанын және күдіктілердің ұсталғанын хабарлаған.
Қызылордада 27 наурыз күні Әйтеке би көшесінде болған атыстан ер адам дене жарақатын алып, ауруханаға түскен. Оған "кеудесінен оқ тиіп жараланып, ішкі ағзалары бүлінген, төртінші дәрежелі геморрагиялық шок алған" деген диагноз қойған.
Жараланған адам 27 наурыз күні кешке ауруханада көз жұмған.
Еске салсақ, бір күн бұрын болған көшедегі атыс бейнекамералардың біріне түсіп қалған болатын. Ал кейін орны алған оқиға бойынша "бұзақылық" дерегімен іс қозғалғаны айтылды.
Ұқсас тақырып: