Қызылордада аумақтық инспекция қызметкері 7 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада аумақтық инспекция қызметкері 7 жылға сотталды

Қызылордада аумақтық инспекция қызметкері 7 жылға сотталды

Қызылордада жалған сертификат берумен айналысып келген аумақтық инспекция қызметкері ұсталды.

  • 10 Маусым 2011
  • 631
Фото - Caravan.kz

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің мәліметтерінше, Қызылорда облысының қаржы полициясының қызметкерлері Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекциясы Шиелі аудандық аумақтық инспекциясы бөлімінің бастығы Ө.Байболатовқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Ол Н. есімді азаматтан Шиелі ауданында сатып алынған ірі қара малды басқа аумаққа алып шығуға қажетті сертификатты алу үшін тұрақты түрде ақша беріп тұруын талап еткен. Департамент қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шаралар барысында ол 12 мың теңге пара алу үстінде ұсталды.

Сонымен қатар ол қызмет өкілеттігін пайдаланып, қызметтік жалғандық жасау арқылы, нақтырақ айтқанда жалған сертификат берумен айналысқан.

Осыған қарай Қызылорда облысы, Шиелі аудандық соты Ө.Байболатовты қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, қызметтік жалғандық жасау әрекеттері бойынша кінәлі деп тауып, 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымда болу құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырып мүлкін тәркілеу жөнінде үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар