Қызылордада Азия ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне қошемет көрсету рәсімі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада Азия ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне қошемет көрсету рәсімі болды

Қызылордада Азия ойындарының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне қошемет көрсету рәсімі болды

Кеше Қызылордадағы «Еуразия» спорт кешенінде жақында ғана Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен XVI Азия ойындарында жеңімпаз және жүлдегер атанып оралған облыс спортшыларын марапаттау рәсімі болды.

  • 14 Желтоқсан 2010
  • 606
Фото - Caravan.kz

Салтанатты шараны облыс әкімі Болатбек Қуандықов ашып, еліміздің намысын абыроймен қорғай білген жерлестерін айтулы жеңістерімен құттықтады.

Осы байрақты бәсекеде қызылордалық спортшылар Қазақстан құрамасының қоржынына 1 алтын және 2 қола медаль қосты. Атап айтқанда, Бейжің Олимпиадасаның жеңімпазы, әлемнің екі дүркін чемпионы ауыр атлет Илья Ильин алтын медальды қанжығыға байласа, келесі ауыр атлет Дәурен Шәутеев пен дзюдошы Ғалия Өлментаева қола медальға қол жеткізді.

— Құрметті спортсүйер қауым, Сыр спортының мақтаныштары, — деді сал­танатты шарада облыс әкімі. — Өткен айда Аспан асты елінде өткен бәсірелі бәсекеде Қазақстан құрамасы жоғары жетістіктерге қол жеткізгені бар­шаға мәлім. Оның ішінде біздің өңірден қатысқан спортшыларымыз биік тұғыр­ларды бағындыра білді. Әрине, бұл сіз бен біз үшін үлкен мақтаныш. Соңғы жылдары Сыр спортында үлкен серпіліс бар. Бұл үкімет тарапынан бұқаралық спортты дамытуға үлкен бет­бұрыс жасауының айқын жемісі. Өңірде саланы өркендетуде толағай жұмыстар жасалуда. Атап айтсақ, биыл аймақта көптеген спорт алаңдары пайдалануға берілсе, келер жылы тағы бірқатар спорт кешендері іске қосылады. Бұған қоса, қаладағы Ғ.Мұрат­баев және «Локомотив» стадиондары жөн­деуден өткізіліп, Арал ауданындағы спорт­тық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жылдан-жылға аймақта ауыр атлетика, дзюдо, бокс, көгалдағы хок­кей­мен қатар гандбол секілді спорт түрі қарыштап дамып келеді. Сондай-ақ алдағы науқанда премьер-лигаға қатысатын «Қай­сар» футбол клубының жаңарған спорт кешенінде жақсы ойын өрнегін көрсете­тініне бек сенімдіміз. Ендігі кезекте саң­лақта­рымыздың әлем елдері көз тіккен еліміздің бас қалалары Алматы мен Аста­нада өтетін қысқы Азиада және Лондонда болатын Олимпиада ойын­дарында көк туымызды биікте ұстап, бүгін­гідей жетістік­терімен оралуына тілектеспіз.

Сөзінің соңында облыс әкімі облыс туын көкке көтерген спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттады. Рәсімде Илья Ильинге 1,5 млн., қола жүлдегерге 450 мың теңгеден сертификат табыс етті. Облыс ауыр атлетикасын өркендетуге үздіксіз үлес қосып жүрген ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вилорий Пак 750 мың, дзюдодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Ишанбек Жұмабаев пен ауыр атлетика бапкері, ҚР спорт шебері Евгений Пя 300 мың теңгеден сыйақы алды.

Соңынан спорт саңлақтары өздеріне жасалып жатқан құрмет пен қамқорлық үшін алғыс сезімін жеткізді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера