Қызылордада балалар күні мерекесі кең көлемде аталып өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада балалар күні мерекесі кең көлемде аталып өтуде

Қызылордада балалар күні мерекесі кең көлемде аталып өтуде

Бүгін Қызылордада Халықаралық балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтіп жатыр. Осыған арналған мерекелік рәсімдер қалалық парктен басталды. Осында өткен шараға облыс басшылары, «Жас ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, педагогикалық отряд, қаладағы барлық балабақшалар және ата-аналар қатысты.

  • 1 Маусым 2011
  • 586
Фото - Caravan.kz

Шарада балаларға арналған «Тәуелсіз Қазақстан еліне 20 жыл» шағын орталық балаларының асфальтқа сурет салу байқауы болды. Сол сияқты «Ертегілер елінде» атты көрініс көрсетіліп, «Тәуелсіздік -тұғырым» сурет көрмесі ашылды, «Әкем, анам және мен» спорттық эстафеталық сайысы өтіп, «Достық кездесу» атты шахматшылар жарысы сөреден шықты. Бұдан әрі жазғы сауықтыру-демалыс лагеріне, күндізгі тынығу лагеріне баратын балалардың топ жетекшісі аға мұғалімге рапорт берді.

Салтанат сәтінде сондай-ақ бірқатар балалар бақшалары өрендерінің қатысумен «Әрқашан күн сөнбесін» атты қойылым қойылды.

Шара барысында облыс әкімі Астана қаласына, «Сырдария», «Талды су» жазғы демалыс лагерьлерінде тынығатын балаларға жолдамалар тапсырды. Мереке соңы «Айгөлек» балалар шығармашылығы фестиваліне ұласты.

Соңғы жаңалықтар