Қызылордада балғын футболшылардың «Cосa Соla - Былғары доп» жүлдесінің жарысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада балғын футболшылардың «Cосa Соla - Былғары доп» жүлдесінің жарысы өтті

Қызылордада балғын футболшылардың «Cосa Соla - Былғары доп» жүлдесінің жарысы өтті

Қызылордада футболдан 1997-1998 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы «Coca Cola - Былғары доп» жүлдесі үшін облыстық жарыстың ақтық кезеңі мәреге жетті.

  • 24 Сәуiр 2012
  • 568
Фото - Caravan.kz

Турнирге Қызылорда қаласы мен облыстың барлық аудандарынан 8 команда қатысты. Жарыстың негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдер арасында футбол ойыны арқылы олардың денсаулығын нығайтып, спортпен тұрақты шұғылдануына ықпал жасау,сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, балалар мен жасөспірімдерді футбол ойыны секцияларына кең көлемде тарту, жергілікті жерлерде әр топ жасындағы үздік командаларды анықтап, оларды республикалық шешуші жарыстарға қатыстыру болды.

Жарыс 3 кезеңнен тұрды және үш жас ерекшелігі бойынша өткізілді. Оның 2011 жылдың қыркүйек-қазан аралығында өткен бірінші кезеңінде мектепішілік, қазан-қараша айларында өткен екінші кезеңінде қалалық, аудандық шешуші ойындар ойналды.

Турнир соңында Қызылорда қаласы (№10 орта мектеп) бірінші орынға шықты. Қазалы ауданы (№234 орта мектеп) — екінші, Жалағаш ауданы (№34 орта мектеп) үшінші орындарды жеңіп алды. Жеңімпаз атанған команда алдағы 15-20 мамырда Тараз қаласында өтетін республикалық жарысқа қатысады. Осы республикалық жарыстан жеңімпаз атанған команда Испанияның Мадрид қаласында 4 күндік туристік саяхатқа барады. Ал 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер үшін облыстық шешуші жарыс 1-6 мамыр айында Қазалы ауданында, 2001-2002 жылдары туған жасөспірімдердің жарысы 15-20 мамыр айында Шиелі ауданында өтеді.

Жарыс қорытындысында қызылордалық Жанболат Жұмабек үздік ойыншы болып танылды. Ал жалағаштық Руслан Қартаңбек — үздік қақпашы, аралдық Әлиасқар Оңталап — үздік қорғаушы, қызылордалық Бауыржан Алтынбеков — үздік жартылай қорғаушы, қазалылық Әлім Тәңірбергенов үздік шабуылшы атанды.