Жәрмеңкені қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырды. Жыл басынан бері бөлімге 7339 адам келген. Жалпы,осы кезге дейін тіркелген жұмыссыздар саны 2381 болған. Тіркелген жұмыссыздық мһөлшері 2,1 пайызды құрайды. Жұмыссыздардың жалпы санының 14,3 пайызында жоғары білім бар. Ал кәсіп жағына келсек, тіркелгендердің 55 пайызы әртүрлі мамандық иелері болып табылады.
Қалада жыл басынан бері осындай үш жәрмеңке өтікізілді. Оларға қаланың 119 ұйымы мен кәсіпорны қатысып, 708 маманға тапсырыс берді. Жәрмеңке қорытындысында 121 адам еңбекке орналасты. Сол сияқты 43 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, 37 адам оқуға және қайта оқуға жіберілді. Бұдан басқа, 520 азамат еңьекке орналасу жөнінде тиісті консультация алды.
Соңғы жәрмеңкеге 45 жұмыс беруші қатысып, 353 бос орын ұсынды. Жәрмеңке қазіргі таңда қаладағы бірқатар оқу орындарына математика, информатика, тарих, ағылшын тілі, дене тәрбиесі мамандары жетспейтінін көрсетті. Сол сияқты қаланың емдеу орындарына көптеген медицина қызметкерлерінің жеткіліксіз болып отырғаны байқалды. Бұдан басқа, газэлектр дәнкерлеуші, инженер, бухгалтер, офис-менеджер, слесарь, жүргізуші, суда агенті, бағбан мамандықтарына сұраныс бар.