Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіру үшін адам жалдаған әйел сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіру үшін адам жалдаған әйел сотталды

Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіру үшін адам жалдаған әйел сотталды

Қызылордада бұрынғы күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған әйел 7 жарым жылға сотталды.

  • 23 Қаңтар 2020
  • 35
Фото - Caravan.kz

Ол өз жоспарын жүзеге асыру мақсатында – бұрын сотты болған Түркістан облысының тұрғынына тапсырыс берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар24" арнасына сілтеме жасап.

Және осы қызметі үшін 20 мың доллар көлемінде сыйақы төлейтін болып келіскен. Түркістандық азамат экс-жұбайының көзін жоюға бекінген азаматшаның қылмыстық пиғылын полицейлерге жеткізген. Тәртіп сақшыларының айтуымен киллер пышағын жалаңдатып, өлген кейіп танытқан күйеуінің үстіне қан жағылған фотосуретті тапсырыс иесіне жібереді.

Қылмыстық ойы толық орындалғанына көзі жеткен әйел бұрынғы жарының атына тіркелген мүліктер балаларына мұра ретінде өткесін, келісілген гонорарын беретінін айтады. Осы ретте оны тәртіп сақшылары қолға түсірді. Айыпталушы мен жәбірленушінің ортақ 4 баласы бар. Сотталушының кәмелетке толмаған қызы енді әкесінің қамқорлығына өтеді. Қалғандары ересек.

"Адам қылмысқа дайындалғаны үшін аталған баптың ең жоғарғы шегінде көрсетілген жазаның тең жартысында көрсетілген жазадан асыруға болмайды. Бұл жерде 20 жыл көзделген болса оның тең жартысы 10 жыл. Сотталушының қылмыстық жазасы мен жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жай болмаған кезде ең жоғарғы шекте көрсетілген жазаның 4 тен 3 бөлігінен асыруға болмайды. Бұл жерде 10 жылдың 4 тен 3 бөлігі 7 жыл 6 айды құрайды", — деді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Асхат Сабыров.