Қызылордада дауылдың салдарынан 125 абонент жарықсыз қалды
Қатты дауылдың салдарынан Қызылорда облысында 125 абонент 8 сағаттан астам уақыт жарықсыз отырды, |
деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сейсенбі, 12 шілде күні Қызылорда облысында екпіні 20-24 метр/секундқа дейін жеткен қатты желдің салдарынан Арал ауданындағы Тоқабай ауылында клубтың, жергілікті мешіттің, орта мектептің шатыры зақымданды, бір электр бағаны зардап шекті. Осы оқиғаның салдарынан ауыл тұрғындары - 125 абонент жарықсыз қалды. Электр желісі 8 сағаттан кейін қалпына келтірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Төтенше оқиғаның салдарын жоюға 5 адам, 1 техника жұмылдырылды. Қазір оқиға орнында аудандық комиссия жұмыс істеп жатыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін