Айта кеткен жөн, бұған дейін Абзал Ералиев пен Генадий Шиповских Шиелі ауданының шаруаларымен кездескен еді. Тұрғындар депутаттарға ұсыныс-тілектерін жеткізді. Нақтырақ айтсақ, ауылдық жерлерді ауыз сумен қамту мәселесін сөз етіп, суармалы егістік жайын қаузады.
«Шиелі ауданының Балаби ауылы, Ә. Тәжібаев ауылдарында Жиделі су тобының осындай әлде де бітпеген жұмыстарын біз көріп, соны қазір әрі қарай жылжытуға уәде беріп отырмыз. Біз Үкіметтен енді өзіміздің депутаттық сауалымыз арқылы сұрағымыз келіп отыр. Себебі халықтың сол жердегі жағдайын көрдік. Ауыз су әрине керек, әсіресе сапалы ауыз су», — дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Ералиев.