— Құжаттарымыздың барлығы дұрыс. Сондықтан бұзамыз.
Сот шешімін шығарып отырған адам ақымақ емес шығар?
Қалай ақымақ емес?! Бәрі ақымақ
Салынып жатқан тас жол бойындағы үй иелері түгел кетіп осы отбасы ғана қалып отыр. Өйткені Алмағанбетовтер тәуелсіз сараптамаға жүгініп құжат бойынша өз баспанасын 10 млн теңгеге бағалаған. Алғашқыда сот олардың өтінішін қанағаттандырса, кейін орнына жер телімін беруді жөн көріпті. Бірақ жергілікті атқамінерлер осы уақыт аралығында өз ұсыныстарын жасамаған көрінеді. Бүгін сот орындаушыларының үйді сүріп тастауына ерлі-зайыптылар жол бермеді. Тіпті ауыр техниканың астына қарай жүгіріп, баспанасын сақтап қалды. Бірақ сот орындаушылары қайткенде де үйдің сүрілетінін айтуда. Себебі жол құрылысы осы нысанның кесірінен тоқтап қалған.
Шәкизат Ақәділов, Қызылорда облыстық сот актілерін орындау департаменті басшысының міндетін атқарушы :
-Мәжбүрлеп бұзамыз. Ол үйдің ішінде адамдар бар кезде бұзбаймыз, әрине. Бірақ үйден балаларды шығарып, орындаймыз. Ол үйдегі адамдар егер кедергісін тигізіп жатса, әкімшілік құқық бұзушылық кодекс бойынша жауапқа тартылатыны ескертіледі.