Қызылордада гандболдан ел біріншілігі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада гандболдан ел біріншілігі өтті

Қызылордада гандболдан ел біріншілігі өтті

Қызылорда қаласында гандболдан 1996-1997 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

  • 14 Ақпан 2012
  • 446
Фото - Caravan.kz

Жарысқа Астана, Ақтөбе, Тараз, Шымкент, Қостанай және Қызылорда қалаларынан барлығы 8 команда, 120 спортшы қатысты.

Сайыстың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, гандболды республика көлемінде кеңінен насихаттау, жасөспірімдердің спорттық шеберлігін арттыру және достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының командасы 14 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Ал екінші орынд Ақтөбе қаласы (12 ұпай) еншілесе, 8 ұпаймен үшінші орыннан Астана қаласы көрінді.