Қызылордада газдан уланғандардың саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада газдан уланғандардың саны артты

Қызылордада газдан уланғандардың саны артты

Қызылордада газдан уланғандардың қатарына тағы бір бала қосылды. Кеше 81 оқушы мен 2 мұғалімге иіс тигенін хабарлағанбыз. Оқиғаның нақты себебі әлі анықталған жоқ.

  • 17 Сәуiр 2015
  • 237
Фото - Caravan.kz

Астанадан барған мамандар зардап шеккендердің қан сараптамаларын Елордадағы арнайы орталыққа жолдамақ. Құқық қорғау және денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездескен ата-аналар мәселенің ақ-қарасын тез арада анықтауын талап етті. Оқыс оқиға Қалтай Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназияда болғанын айта кетейік. Мектеп басшылығы мұны сотқар оқушылардың әрекеті деп отыр. Баллондағы газды солардың бірі қасақана шашуы мүмкін. Қазір сол төтенше оқиғадан жапа шеккен 50-ден аса жеткіншек ауруханада ем қабылдауда.

Асылбек Мұқашев, мектеп директоры:

Емделіп келіп, сабаққа келгені жоқ. Жалпы 82 бала түскен, қалғаны енді 28-і үйлерінде ем алып жатыр.