Қызылордада ғылыми зерттеулер мен өзара айырбас жөніндегі Халықаралық кеңестің бағдарламасына сәйкес "Жазғы интернет-лагерь" жобасы қолға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада ғылыми зерттеулер мен өзара айырбас жөніндегі Халықаралық кеңестің бағдарламасына сәйкес "Жазғы интернет-лагерь" жобасы қолға алынды

Қызылордада ғылыми зерттеулер мен өзара айырбас жөніндегі Халықаралық кеңестің бағдарламасына сәйкес "Жазғы интернет-лагерь" жобасы қолға алынды

Қызылорда қалалық ашық интернет орталығы ғылыми зерттеулер мен өзара айырбас жөніндегі Халықаралық кеңестің (IREX) бағдарламасына сәйкес "Жазғы интернет-лагерь" жобасын жүзеге асыра бастады.

  • 16 Шiлде 2003
  • 772
Фото - Caravan.kz

Жоба бойынша Қызылорданың «Арай Санрайз» лагерінде 4 адамнан құралған топ компьютерлік сауаттылығын арттырып, интернетке шығуға машықтандыратын 5-күндік курстан өтті. Сондай-ақ, облыстық ақпараттандыру және жаңа технологиялар жөніндегі орталық базасында Қазалы аудандық 6 бала оқытылды.

Қызылорда қалалық интернет орталығы төрағасының көмекшісі Елена Сидоркинаның KZ-today тілшісіне хабарлауынша, курс соңында балаларға сертификат табыс етілген.
Биылғы жаз маусымында осы жоба бойынша 40 баланы оқытып шығару көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар