Жоба бойынша Қызылорданың "Арай Санрайз" лагерінде 4 адамнан құралған топ компьютерлік сауаттылығын арттырып, интернетке шығуға машықтандыратын 5-күндік курстан өтті. Сондай-ақ, облыстық ақпараттандыру және жаңа технологиялар жөніндегі орталық базасында Қазалы аудандық 6 бала оқытылды.
Қызылорда қалалық интернет орталығы төрағасының көмекшісі Елена Сидоркинаның KZ-today тілшісіне хабарлауынша, курс соңында балаларға сертификат табыс етілген.
Биылғы жаз маусымында осы жоба бойынша 40 баланы оқытып шығару көзделіп отыр.
Қызылордада ғылыми зерттеулер мен өзара айырбас жөніндегі Халықаралық кеңестің бағдарламасына сәйкес "Жазғы интернет-лагерь" жобасы қолға алынды
