Бұл туралы бүгін Астанада Ішкі істер министрлігінде болған баспасөз мәслихатында Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Қаламқас Темірова мәлім етті.
Полицияның мәліметтері бойынша, бетперде киген үш адам ғимаратқа кіріп келіп, күзетші мен әкімшіге қару кезену арқылы 50 мың теңге ақша, екі компьютердің мониторын және жеке мүліктерін тартып алған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ізін суытпай 19 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Сондай-ақ қазіргі кезде оның сыбайластарын ұстау шаралары жүргізілуде.