Қызылордада интернет-клубқа қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстау шаралары жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада интернет-клубқа қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстау шаралары жүргізілуде

Қызылордада интернет-клубқа қарақшылық шабуыл жасағандарды ұстау шаралары жүргізілуде

Қызылорда облысының криминалдық полиция қызметкерлері маусым айында облыс орталығындағы интернет-клубқа жасалған қарақшылық шабуыл қылмысын ашты.

  • 29 Маусым 2011
  • 497
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада Ішкі істер министрлігінде болған баспасөз мәслихатында Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Қаламқас Темірова мәлім етті.

Полицияның мәліметтері бойынша, бетперде киген үш адам ғимаратқа кіріп келіп, күзетші мен әкімшіге қару кезену арқылы 50 мың теңге ақша, екі компьютердің мониторын және жеке мүліктерін тартып алған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері ізін суытпай 19 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Сондай-ақ қазіргі кезде оның сыбайластарын ұстау шаралары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар