Жарияланды: 440

Қызылордада ірі мұнай компаниясы мемлекет пайдасына 42 млн. теңге айыппұл төледі

Қызылордада «CNPC Ай Дан Мұнай» компаниясынан заң талабын бұзғаны үшін қомақты көлемде қаржы өндірілді. Бұл туралы облыстық сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш мұнай мекемесі мемлекет пайдасына өсімпұл ретінде 34 549 177 теңге, баж салығы ретінде 7 555 700 теңге төлеуге тиіс болатын. Бүгінгі күні борышкер тарапынан аталған сома толықтай мемлекет пайдасына өндірілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін