Қызылордада кикбоксингтен Қазақстан Кубогы үшін жарыс болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+5 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	
Қызылордада кикбоксингтен Қазақстан Кубогы үшін жарыс болып өтті

Қызылордада кикбоксингтен Қазақстан Кубогы үшін жарыс болып өтті

Қызылордада кикбоксингтен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы үшін жарыс аяқталды. Оған Астана, Алматы қалалары мен барлық облыс орталықтарынан 186 спортшы қатысты.

  • 28 Наурыз 2011
  • 483
Фото - Caravan.kz


Жарыс 24 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Соның ішінде ол «Фул-контакт» және «Лоу-кик» жүйелеріне тең бөлініп, 12 салмақ бойынша жүлдегерлерді анықтады. Сайыс қорытындысында жалпыкомандалық есепте Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы — бірінші, Атырау облысы — екінші, Қарағанды облысы үшінші орындарды жеңіп алды. Ал қызылордалықтар 3 алтын, 3 күміс, 3 қола медальға ие болды.