Қызылордада кісі өлтіруші тиісті жазасын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 451.38
  • 487.22
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада кісі өлтіруші тиісті жазасын алды

Қызылордада кісі өлтіруші тиісті жазасын алды

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен кісі өлтіруші тиісті жазасын алды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

  • 1 Маусым 2011
  • 424
Фото - Caravan.kz

Оқиға Сырдария ауданы Шаған ауылында орын алған. Іс құжаттарына қарағанда, сотталушы Т.Әбішев биылғы 16 ақпан күні ауылдасы М.Әбілақовтың үйіне барып, үй иесі екеуі арақ ішеді. Соңынан мастықтың салдарынан араларында ерегіс туындайды. Сол кезде Т.Әбішев дастархан үстінде жатқан пышақпен үй иесінің жүрегіне екі мәрте ұрады. Сол ауыр дене жарақатынан М.Әбілақов оқиға болған жерде қайтыс болған. Осыдан кейін қылмыскер қылмысының ізін жасыру мақсатында өлі денеге от қойып, қашып кетеді.

Сот осы қылмысы үшін Т.Әбішевті 13 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының ерекше режимінде өтеуге үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар