Қызылордада көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХV облыстық байқауы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХV облыстық байқауы өтті

Қызылордада көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХV облыстық байқауы өтті

Қызылорда облысының тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру мақсатында көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХV облыстық байқауын өткізді.

  • 27 Сәуiр 2013
  • 590
Фото - Caravan.kz

Байқауға Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының мектептерінен, арнаулы орта және жоғары оқу орындарынан 16-20 жас аралығындағы 16 талапкер қатысты.

Сайыс қорытындысында Қызылорда қаласындағы №6 мектептің 11-сынып оқушысы Зарина Кенжеәлі І орынды жеңіп алса, жаңақорғандық Мәдина Үрмат — ІІ, М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің студенті Салтанат Әнапияева ІІІ орынды жеңіп алды.

Байқаудың жеңімпазы үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысында өтетін республикалық сынаққа жолдама алды.

Перейти к новостям спорта