Қызылордада күшті жел бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада күшті жел бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкетті

Қызылордада күшті жел бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкетті

АСТАНА. 5-маусым. Kazakhstan Today. Қызылордада күшті жел бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкетті, зардап шеккендер бар. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Маусым 2007
  • 446
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 3-маусымда 20 сағат 10 минутта жылдамдығы секундына 15-19 метрге жеткен оңтүстік-батыстан соққан жел бірнеше ғимараттың шатырын жұлып әкетті. Салық комитетінің ғимараты зақымданып, оның 500 шаршы метр шатыры жұлынды. Сонымен бірге №101 орта мектеп пен №2 «Сырдария» кешенінің шатырлары жұлынды. 24 жастағы қыз жарақатанып, ауруханаға жеткізілді. «Оған медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті