Қызылордада массаж жасау орталығы бір жарым жасар сау баланы парафинмен күйдіріп алған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада массаж жасау орталығы бір жарым жасар сау баланы парафинмен күйдіріп алған

Қызылордада массаж жасау орталығы бір жарым жасар сау баланы парафинмен күйдіріп алған

Қызылорда қаласындағы массаж жасау орталықтарының бірі бір жарым жасар балаға парафин қойып, баланы күйдіріп алған. 

  • 1 Маусым 2023
  • 186
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Көреміз" бағдарламысына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылордалық Ақмарал Бөлебаева есімді азаматша баласын массаж жасаушы күйдіргенін айтып, шағымданды. 

— Бұлай күйдіретінін білгенімде балама парафин қойдыртпаушы едім. Өзім қасында тұрдым. Балам көзі шарасынан шығып жылғанда ғана күйгенін білдім. Бірақ, парафин қойып жатқан әйел солай болатынын айтты, деп ашынды жас ана. 

Бірақ, "Шипалы алақан" орталығы Ақмарал Бөлебаеваның айтқанымен келіспей отыр. 


Жас ананың айтуынша бойынша, баланың күйген жамбасы бір аптада жазылмаса, ота жасаластынын айтып жылады.