Оқиға түскі сағат бірлер шамасында орын алды. Сондықтан мейрамханада қонақтар болмаған. Тек 15 адамнан тұратын ұжым қауіпсіз жерге шығарылды. 750 шаршы метрге шарпыған жалынды ауыздықтауға 60-тан аса өрт сөндіруші мен 8 техника жұмылдырылған. Тура сол күні нөсерлеп жауған жаңбыр да өрт сөндіру қызметінің жұмысын жеңілдетіпті.