Қызылордада мектеп оқушылары екі бүлдіршінді от құшағынан аман алып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 507.8
  • 580.82
+26 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада мектеп оқушылары екі бүлдіршінді от құшағынан аман алып шықты

Қызылордада мектеп оқушылары екі бүлдіршінді от құшағынан аман алып шықты

Кеше Қызылорда қаласындағы «Мерей» шағынауданындағы 8 үйдің бір пәтерінде өрт оқиғасы орын алды.

  • 26 Шiлде 2011
  • 456
Фото - Caravan.kz

От құшағына оранған пәтер ішінде 3 және 4 жастағы екі бүлдіршін болған.

Өрт болып жатқанын байқаған мектеп оқушылары — Айбек Кмалатдин, Лиана Саидова және Ардақ Ислам бірден пәтерге жүгіріп кіріп, екі бүлдіршінді — Анюта және Нина Қыпшақбаеваларды от құрсауынан аман алып шыққан. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова хабарлады.