Қызылордада облыс әкімінің стипендиаттары белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 529.99
  • 546.63
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада облыс әкімінің стипендиаттары белгілі болды

Қызылордада облыс әкімінің стипендиаттары белгілі болды

Кеше Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы драма театрында облыс әкімінің стипендиаты болғандардың есімдері жария етіліп, оларға арнайы сертификаттар тапсырылды.

  • 29 Желтоқсан 2012
  • 418
Фото - Caravan.kz


Биылғы жылы аймақ басшысының стипендиясын Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Нұрбол Аппазов, Тұрмағамбет атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрінің солисі Қуаныш Құттымұратов, тоғызқұмалақшы Әсел Дәлиева, шахматшы Әсел Серікбай, бірінші топтағы мүгедек Зәуре Өксімбаева, облыстық діни-психологиялық және құқықтық консультация орталығының жетекшісі Тұрар Әбуов, Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің студенті Кәбира Асқарова, Жаңақорған ауданындағы Қандөз ауылдық ауруханасының меңгерушісі Мерей Сыздықова, жас ақын Әсел Төребаева, «Ақмешіт ақшамы» газетінің тілшісі Әсел Абзал, «Болашақ» университетінің студенті Жансерік Әбілдаев бар. Олардың бәріне де бұл атақ пен сый-сияпат өз салалары бойынша белгілі бір жетістіктерге жеткендері үшін беріліп отыр.