Қызылордада облыстық мәслихаттың депутаты кісі қолынан қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада облыстық мәслихаттың депутаты кісі қолынан қаза тапты

Қызылордада облыстық мәслихаттың депутаты кісі қолынан қаза тапты

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би ауылында облыстық мәслихаттың депутаты Амангелді Алпысбаев кісі қолынан қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық полициядан хабарлады.

  • 20 Қазан 2004
  • 423
Фото - Caravan.kz

Депутаттың мүрдесі 19-қазан, сейсенбіде 3 сағат 45 минутта табылды. Оқиға орнына келіп жеткен тәріп сақшылары қаза тапқан адамның жүрек тұсынан оқ тигенін анықтаған.

39 жастағы А.Алпысбаев «Атамекен» ЖШС-нің директоры, облысқа танымал кәсіпкер болған.
Қазір облыстық ІІБ-ынан арнаулы шұғыл тергеу тобы құрылды. Тілшімізге белгілі болғанындай, бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жергілікті екі тұрғын ұсталған.

Перейти к новостям спорта