Жарияланды: 450

Қызылордада отбасылар байқауы болып өтті

Бүгін Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округі, Маханбетов ауылында «Шаңырақ шаттығы» атты қалалық отбасылар байқауы өтті.

Қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын және бірлігі мен тірлігі, достығы ұйыған қазақ отбасыларын жан-жақты насихаттай отырып, болашақ жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беруді мақсат еткен бұл байқауға қалаға қарасты ауылдық округтардан бірнеше отбасы мүшелері қатысып, бақтарын сынасты. Байқау қорытындысында 1 орынды тасбөгеттік Жартыбасовтар, 2 орынды Маханбетов ауылынан Төребаевтар отбасылары жеңіп алды. Жүлдегерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін