Полиция қызметкерлері қала көшесінде бұзақылық ниетпен, мас күйінде, аңшы мылтығымен полиция қызметкерінің аяқ тұсынан оқ атып, жеңіл автокөлікке отырып, қашып кеткен 25 жастағы, қала тұрғынын ұстады,-деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық ІІД сілтеме жасап.
Аяғынан жарақат алған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24 бабы 3 бөлімі, 99 бабының 1 бөлімі, 192 бабының 2 бөлімі және 380 бабтың 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Күдікті азамат қамаққа алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.