Қызылордада полиция қызметкерлеріне қарсылық білдірген бұзақылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада полиция қызметкерлеріне қарсылық білдірген бұзақылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қызылордада полиция қызметкерлеріне қарсылық білдірген бұзақылардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда қаласында бұзақылықты тоқтату мақсатымен араға түскен полиция қызметкерлеріне бұзақылар қарсылық білдірді.

  • 25 Қазан 2012
  • 310
Фото - Caravan.kz

«Орталық жедел басқармасына түнгі сағат 22.00 шамасында Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде топтық төбелестің орын алуы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға болған жерге патрульді полиция полкінің қызметкерлері жетіп, бұзақыларға ауызша ескерту айтып, қайтуларын сұрайды. Төбелесіп жатқан бұзақылардың екеуі полиция қызметкерлерінің ескертулерін құлақтарына да ілмей, оларға қарсылық көрсете отырып, полиция қызметкерлерінің формасын бүлдірді»,-делінген ҚР ІІМ мәліметтерінде. Полиция қызметкерлері бұларды ұстап, жақын жерлегі полиция бөліміне жеткізген.

Қазіргі таңда бұзақыларға қатысты билік өкілдеріне қарсылық білдіргені үшін Қылымыстық Кодекстің 321 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар