Қызылордада қалалық әкімшіліктің ғимаратында өрт шықты, зардап шеккендер жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада  қалалық әкімшіліктің ғимаратында өрт шықты, зардап шеккендер жоқ

Қызылордада қалалық әкімшіліктің ғимаратында өрт шықты, зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 5-маусым. Kazakhstan Today. Қызылордада қалалық әкімшіліктің ғимаратында өрт шықты, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Маусым 2007
  • 312
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 3-маусымда 20 сағат 56 минутта қалалық әкімшіліктің ғимаратында 100 шаршы метр аумақта өрт шықты. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. «Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 60 адам мен 9 техникадан құралған күштері сөндірді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сонымен бірге сол күні Қызылордада «Ертіс» азық-түлік дүкенінің шатыры өртенді. Өрт 180 шаршы метр аумақты шарпыды. Өртті төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 20 сағат 50 минутта 9 адам мен 2 техниканың күшімен сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті