Қызылордада қатты жел тұруы ықтимал
«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы 22 желтоқсан күні Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыстан соққан желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтілетінін хабарлайды. Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін