Қызылордада қоғамдық көліктермен қатынау жолақысы 1,5 есе арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада қоғамдық көліктермен қатынау жолақысы 1,5 есе арзандады

Қызылордада қоғамдық көліктермен қатынау жолақысы 1,5 есе арзандады

2004-жылдың 15-шілдесінен бастап Қызылордада бағытты таксилермен қатынау жолақысы 20, ал қалалық автобустарда қатынау жолақысы 15 теңге болмақ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Шiлде 2004
  • 437
Фото - Caravan.kz

Ал қазір облыс орталығының тұрғындары бағытты таксилерде 30, қалалық автобустарда 20 теңге төлейді.

Қоғамдық көлікпен қатынау жолақысын арзандату туралы шешімді қала әкімі Мұрат Үдербаев тасымалдаушылармен келісім негізінде қабылдаған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қызылорда қаласында тұратын Ұлы отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері 1-шілдеден бастап қаладағы қоғамдық көліктерде тегін қатынау құқығына ие болған.
Сондай-ақ, аймақта жолаушы тасымалдаушы көлектер санын арттыру мәселесі қаралып жатыр.
Таяу уақыттарда қосымша 55 жаңа автобус қала көшелеріне шығады.

Перейти к новостям спорта