Қызылордада құтқарушылар жас суретшілер конкурсын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада құтқарушылар жас суретшілер конкурсын өткізді

Қызылордада құтқарушылар жас суретшілер конкурсын өткізді

Қызылордада Құтқарушылар қызметінің 15 жылдығына орай жас суретшілердің конкурсы өткізілді.

  • 18 Қазан 2010
  • 592
Фото - Caravan.kz



Төтенше жағдайлар департаменті мен «Жас ұрпақ» қоғамдық ұйымы бірлесіп ұйымдастырған бұл байқау «Мен өмірді қорғаймын» деген ұранмен өтті. Байқауға қала мектептерінің сурет салуға бейімділіктері бар 7 сынып оқушылары қатысты. Қорытындыда қаладағы №112 мектептен Ербол Баярыстанов — бірінші, №198 мектептен Дима Тен — екінші және №15 гимназиядан Ақмаржан Аманбек үшінші орынды жеңіп алды. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Перейти к новостям спорта