Қызылордада қырым қанды безгегін жұқтырған әйел қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада қырым қанды безгегін жұқтырған әйел қайтыс болды

Қызылордада қырым қанды безгегін жұқтырған әйел қайтыс болды

Қызылорда облысында конго-қырым қанды безгегінен 38 жастағы тұрғын қайтыс болды. Дәрігерлер тиісті ем көрсеткенімен, жедел вирусты ауруға шалдыққан әйелдің өмірін сақтап қала алмады.

  • 3 Тамыз 2018
  • 10
Фото - Caravan.kz

Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетованың айтуынша, Жаңақорған ауданында тұратын науқас 3 тамызға қараған түні көз жұмған, деп жазды Азаттық радиосы. 

 Конго-қырым безгегін жұқтырған тағы бір науқас — Қызылорда облысының тұрғыны облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр, жағдайы тұрақты ауыр.

Аурудан көз жұмған науқас Жаңақорған аудандық ауруханасында мейірбике болып жұмыс істеген. Әріптестеріне организмі әлсіреп, дене қызуы көтерілгенін айтып шағымданған оны дәрігерлер дер кезінде ауруханаға жатқызған. Дәрігерлер үйде мал ұстайтын әйелді кене шаққан болуы мүмкін екенін айтады.

Соңғы рсеми мәлімет бойынша, республикада 2642 адамды кене шаққан, оның мыңға жуығы Қызылордада тіркелген.


Соңғы жаңалықтар