Қызылордада сәулетшілер қала құрылысына байланысты жиынын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 524.32
  • 609.05
0 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада сәулетшілер қала құрылысына байланысты жиынын өткізді

Қызылордада сәулетшілер қала құрылысына байланысты жиынын өткізді

Қызылордада облыстық сәулет және қала құрылысы кеңесі өзінің кезекті отырысын өткізді.

  • 4 Маусым 2011
  • 299
Фото - Caravan.kz

Жиында облыс аумағында биыл бой көтеруге тиісті бірнеше құрылыс нысандарының мәселесі сөз болды. Кеңес мүшелері осыған орай 9 нысанның жобасын талқыға салды. Бұлардың қатарында облыс оталығында салынатын «Мұз айдыны» спорт кешені мен теннис корты да бар. Жоба бойынша олар орталық стадион мен «Еур­азия» спорт кешені арасында өзінше ансамбль құрып орналасуы керек. Онда көрермендерге арналған 900 орындық мінберлер орналасады. Ал мұз айдынын Киевтің осы саладағы танымал фирмасы дайындайды.

Отырыста сонымен қатар Арал, Қармақшы Жалағаш және Жаңақорған аудандарында салынатын бірқатар нысандар жобалары да талқыланды.

Перейти к новостям спорта