Бұл туралы 24.kz хабарлайды.
Заңсыз әрекетті Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі әшкереледі. Саунаны тінту барысында ақша, покер үстелі, фишкалар және ойын картасы тәркіленді. Жалпы өткен жылы заңсыз ойын бағытында 79 қылмыстық істің өндірісі жүргізілді. Онлайн-казиноны заңсыз ұйымдастырған нысандардан 39 компьютер блогы, 98 лотерея терминалы және 1 млн 590 мың теңге қаржы айналымнан шығарылды.
Руслан Сатыбалдиев, облыс бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:
— Қаражат жағынан 535 мың теңге және 645 АҚШ доллары табылған. Аталған факт негізінде қылмыстық іс қозғалып, қазіргі кезде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларды қылмыстық жауапкершілікке және сол жерде болған ойыншыларды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы тергеу әрекеттері жүргізілуде.