Қызылордада шахматтан облыс біріншілігі болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада шахматтан облыс біріншілігі болып өтті

Қызылордада шахматтан облыс біріншілігі болып өтті

Қызылордада шахматтан 10, 12 және 14 жастағы жасөспірімдер арасында облыс біріншілігі өткізілді.

  • 20 Ақпан 2012
  • 470
Фото - Caravan.kz

Оған аудандар мен Қызылорда қаласынан 45 шахматшы қатысты. Ойын шахматтың классика, швейцар, айналмалы түрінде өткізілді.

Тартысты бәсекенің негізгі мақсаты облыс көлемінде шахмат ойынын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, шахматтан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу үшін облыс құрама командасын іріктеу болып табылады.

Жарыс қорытындысы бойынша 10 жас қыздар арасында Сақыпжамал Бармағамбетова (Арал), ұлдар арасында Самал Әбдуәли (Қызылорда, ұлдар арасында ойнады), 12 жас қыздар арасында Назгүл Қадырова (Қызылорда), ұлдар арасында Бауыржан Ердәулет (Қызылорда),14 жас қыздар арасында Несібелі Сырымбет (Қызылорда), ұлдар арасында Әсел Серікбай (Қызылорда, ұлдар арасында ойнады) бірінші орынды жеңіп алды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды.

Енді шахматшылар 17 наурыз — 3 сәуір аралығында Астана қаласында өтетін шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера