Қызылордада суға кетушіліктің алдын алу шаралары ойластырылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада суға кетушіліктің алдын алу шаралары ойластырылып жатыр

Қызылордада суға кетушіліктің алдын алу шаралары ойластырылып жатыр

Қызылордада облысында суға кетушілік оқиғаларының алдын алу мақсатында нақтылы шаралар жасалып жатыр, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

  • 14 Маусым 2011
  • 367
Фото - Caravan.kz

Суда құтқару қызметінің ұйымдастыруымен ішкі істер, санитарлық эпидемқадағалау департаментері мен білім, ішкі саясат, жұмылдыру дайындығы азаматтық қорғаныс басқармалары, көліктік бақылау, Арал- Сырдария облысаралық бассейіндік балық шаруашылық инспекциясы және су шаруашылығы коммуналдық кәсіпорындарымен бірлескен кешенді жоспары жасалып, оны облыс әкімдігі бекітті. Азаматтардың көп шоғырланатын жерлерінде (вокзал, сауда орындар, оку орындары мен жағайларда) су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін тұрғындарға құлактандыру мақсатында жылжымалы пункттер ұйымдастырылуда. Оған қоса осы ережелерді тұрғындарға («ФМ», «Сета» және т.б.) радиоканалдар арқылы жеткізілуде. Ішкі істер департаменті басшылығы тарапынан азаматтардың суда болу ережесін сақтау және құқық бұзушылықты болдырмау учаскелік инспекторлерге қатаң бақылауда ұстауы тапсырылды.

Сонымен қатар, Байқоңыр қаласында тұратын Ресей және Қазақстан азаматтарының су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және суда орын алған қайғылы оқиғалардың зардаптарын жою мақсатында сүңгуір-іздестіру жұмыстарын жүргізу, кедергісіз кіріп-шығу, зардап шегушілерді тасымалдау және медициналық көмек көрсету, оған қоса төтенше жағдайлардағы ескерту және жою жұмыстарына Ресей ТЖМ әріптестермен бірлескен жоспар жасалды.

Жоғарыда аталған жоспарларға сәйкес облыс әкімінің қолдауымен 2011 жылдың жазғы маусымында азаматтардың облыстың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің шаралары туралы қаулысы шықты.

Бекітілген құжаттар судағы қауіп қатердің алдын алуда және жоюда өз көмегін тигізуде.

Соңғы жаңалықтар