Қызылордада суға жаңа баға бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада суға жаңа баға бекітілді

Қызылордада суға жаңа баға бекітілді

2004-жылдың 1-сәуірінен бастап Қызылордада судың бағасы қымбаттайтын болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қызылорда облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры Нұрлан Пірімов хабарлады.

  • 24 Наурыз 2004
  • 557
Фото - Caravan.kz

Оның ақпаратына сүйенсек, биылғы жылдың екінші тоқсанынан бастап «Қызылорда су құбыры» ЖШС бір текше метр су босату бағасын 7,3 процентке өсірмекші. Қосалқы құн салығын есептемегенде жаңа баға 21,6 теңге мөлшерінде бекітілді. Сондай-ақ, бір текше метр ағызынды су жіберу бағасы да 7,4 процентке артып, қосалқы құн салығын қоса есептемегенде 15,34 теңге болмақ.

Н.Пірімовтың айтуынша, бағаны қымбаттатуға су тұтыну мөлшерінің кемуі, амортизациялық шығындардың артуы, материалдар мен жанар-жағармай бағасының қымбаттауы тәрізді себептер әсер етіп отыр. Департамент мәліметі бойынша, 2003-жылы Қызылорданың су құбыры желілерінде 1090 апат тіркелді, сондай-ақ, 19 шақырымдық канализациялық құбырлар апатты жағдайда тұр.
Бұған қоса, Н.Пірімовтың айтуынша, 1-сәуірден бастап суармалы судың бағасы да артатын болды. «Қызылорда су шаруашылығы» ҚКК-ның салалық 7 кәсіпорны бағаны 4,1-4,8 процентке қымбаттатқалы отыр. Бұдан былай ауылшаруашылығының тауар өндірушілеріне суармалы судың бір текше метрі үшін 4,08-4,41 тиын төлеуге тура келмек.
Жалпы алғанда монополияға қарсы күрес мекемесі суға қатысты 9 түрлі қызмет көрсететін 8 табиғи монополия субьектісінен баға көтеруге өтініш алды. «КРЭК» ААҚ, «Қорқыт ата әуежайы» ААҚ, «Қазалы су құбырлары» ҚКК тәрізді үш мекеменің өтініші кері қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар